Туды қалай пайдалану қажет?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік рәміздер – елдің тәуелсіздік пен егемендігін бейнелейтін негізгі атрибуттарының бірі.
Ту мен елтаңба және әнұранды қолданудың өзінің ережелері бар.
Бұл туралы «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директоры Асылбек Баяжұма түсіндіріп берді.
Ел заңы не дейді?
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Заңда лицензиялар мен техникалық реттеу туралы сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді қолдану мен пайдалану туралы ұлттық стандарттар бекітілді.
2020 жылы 17 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасы бойынша «Мемлекеттік рәміздері туралы» заңның ұлттық стандарты қабылданды, - дейді маман.
Туды қорлаған жағдайда:
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 458-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын заңсыз қолданғаны үшін 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал егер азамат ашық қорлайтын болса, 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, - деді «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директоры.
Әр азамат білуі тиіс
- Азаматтар өзінің тұрғын үйінің төбесіне және балконға өзінің патриоттық сезімін білдіру мақсатында ілуіне рұқсат.
- Мемлекеттік органдарда кеш батқан кезде мемлекеттік рәміздерді жарықтандырылуы тиіс. Ал жеке азаматтарға бұл қажет емес.
- Мемлекетті туды жеке азаматтар өзінің автокөліктерінде алып жүруіне немесе жалаушаларын тағып жүруге рұқсат етілген. Ал елтаңбаны жеке үйде, автокөлікте пайдалануға тыйым салынады.
- Мемлекеттің басты құндылықтары - еліміздің, отанымыздың айшығы болғандықтан әрбір азамат рәміздерді пайдаланар кезінде оның ережелерінің қатаң сақталуын қадағалауы тиіс. Оның аяқасты болмауын, қорланбауын қадағалау керек.
Сонымен мемлекеттік рәміздерді пайдаланатын жерлер:
Мемлекеттік рәміздерді үкіметтік мекемелерде, Сенат және Парламент төрлерінде және жергілікті мемлекеттік органдардарында сонымен бірге ресми түрде өтетін спорттық іс-шараларында пайдалануға болады. Оларды Үкіметтік емес ұйымдар, жекеменшік мекемелердің пайдалануына тыйым салынған. Оны аяқасты етуге, қорлауға тыйым салынады.