Туды өртеп, алауыздық тудырды: Алматы облысында 12 адам қамауға алынды

13 қарашада Алматы облысының Ұйғыр ауданында рұқсатсыз жиын кезінде мемлекеттік ту мен шетелдік басшылардың суреттері өртелді. 12 адам әкімшілік қамауға алынды, 6 адам айыппұл төледі. Қылмыстық іс қозғалды, деп жазады BAQ.KZ.

Алматы облысының Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, сот шешімі бойынша 12 қатысушы әкімшілік қамаққа алынып, 15 тәулікке дейін жазаланса, тағы 6 адамға 20 МРП көлемінде айыппұл салынды.

Алаяқтық және алауыздық қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полиция тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр және қоғамдық қауіпсіздікті бұзу немесе мемлекеттік символдарға қол сұғу сияқты кез келген әрекеттер заңға сәйкес қатаң тоқтатылатынын ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы