«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бизнестің қолдауымен «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясын «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы жалғастыруда.

Акция басталғаннан бері шамамен 184 мың қатысушы 14 млрд теңге сомаға шамамен 2,0 млн-нан астам онлайн-БКМ чегін жіберген.

Акцияға қатысушылар арасында жүлделер ұтыс ойыны күнде өткізіледі, оларға 5 000 теңгеге дейінгі мобилді телефон теңгеріміне ақшалай қаражат жіберілді, сондай-ақ онлайн-БКМ чегінде көрсетілген сомаға байланысты ұялы телефон теңгеріміне ақшалай қаражаттың 5% - не дейін аударылады. Бұл ретте 2020 жылдың 30 қарашасына дейін барлық жөнелтілген онлайн БКМ чектері Акцияның бас жүлдесі – автомобильдің ұтыс ойынына қатысады, – дейді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Естеріңізге сала кетейік, бұл акция азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыруға бағытталған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы