Көк тудың желбірегені...

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда күнін мерекелеу жыл сайын Ту көтеруден басталады. Тудың тұғырға қонуы, бұл – Қала күнін тойлаудың салтанатты түрде шымылдық түргенін білдіреді. Бүгін де осы рәсім дәстүр бойынша жүзеге асты. 

Алайда, биыл тудың көтерілуіне Елбасы мен Президент қатыспады.

Салтанатты Ту көтеру рәсімі ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің Ұлттық ұланы ротасының қатысуымен жүзеге асты.

Іс-шарада Әнұран арнайы оркестрдің сүйемелдеуімен шырқалды. 

Айта кетейік, биыл еліміздегі коронавирус пандемиясы жағдайына қатысты елорданың 22 жылдығы онлайн форматта мерекеленбек. 

5 шілдеден бастап Мемлекеттік комиссия карантинді шектеу шаралары туралы шешім қабылдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы