Туғанына 23 күн болған шақалақтан індет анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияның 8 жағдайы тіркелді. Олардың ішінде 23 күндік нәресте бар. Бұл туралы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Барлық жағдайлар Теміртау қаласында тіркелді. 1995 және 1996 жылдары туылған ер адамдар. 1985 және 1967 жылдары туған әйел адамдар. 1990 және 1998 жылдары туған қыз балалар. 2017 жылы және 2020 жылы туылған сәбилер. ПТР талдау нәтижелері бойынша, науқастарда COVID-19 диагнозы нақтыланды. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, - делінген хабарламада. 

2020 жылғы 27 сәуірдегі жағдай бойынша облыста инфекцияның 128 жағдайы анықталды, оның ішінде 1 өлім жағдайы және 37 науқас жазылып шықты.

Қарағанды - 53 адам
Теміртау - 53 адам
Шахтинск - 7 адам
Саран - 1 адам
Бұқар жырау ауданы - 1 адам
Шет ауданы - 1 адам
Абай – 1 адам
Басқа облыстардың тұрғындары - 11 адам
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы