Цой жаңа Денсаулық сақтау министрін құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экс-Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әріптесі Ажар Ғиниятты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады.
Меритократия принципі жұмыс істейді! Ажар Ғиниятты жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтаймыз! – деді Алексей Цой.
Экс-министр осынау қиын-қыстау кезеңде ел басшылығының өте маңызды және дұрыс шешім қабылдағанын жазды.
Мен оның (ред. – Ажар Ғиният) қатардағы учаскелік дәрігер педиатрдан, ауылдық, аймақтық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істегенін, әріптестерінің арасында жоғары беделге ие болғанын және әрдайым күрделі майданда жұмыс істегенін жақсы білемін, - деп жазды Цой.
Цой Ажар Ғинияттың кәсіби маман әрі жақсы ана екенін атап өтті.
Еліміздің медициналық қоғамдастығына жаңа министрді қолдауды және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және Қазақстан халқының денсаулығын арттыруға барынша көмек көрсетуді сұраймын. Алда жауапты жұмыстар көп! – деп Алексей Цой әріптесіне қолдау көрсетуді сұрады.