Цой: 12 инфекциялық аурухананың құрылысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  Алматы облысындағы Талдықорған қаласына барып, Еркін ауылындағы  дәрігерлік амбулаторияның  құрылысымен танысты. Медициналық нысан бір ауысымда 100 азаматқа медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсете алады.  

Сондай-ақ, министр модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылыс алаңына да барды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасын салуды тапсырды. Қазір өңірлерде  әкімдіктер 12 модульдік инфекциялық аурухананың құрылысына және биыл қазан айында пайдалануға берілетін бір аурухананы қайта жаңартуға кірісті. Бұл жұмыс пандемияның ықтимал екінші толқынына дайындық аясында жүзеге асуда  және халықты уақтылы, сапалы көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді А.Цой.

А. Цой  COVID -орталығының жұмысымен де танысты, мұнда мамандар ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастарға кеңес береді, оларды емдеудің әдістерін қарастырады. Орталық биыл шілдеде ашылған. 

КВИ екінші толқынына дайындық ретінде Алматы облысындағы ауруханаларда 303 ӨЖЖ аппараты бар, 15 қыркүйекке қарай  олардың саны 507 жетеді. Медициналық ұйымдарда 634 оттегі концентраторы бар, жергілікті бюджет есебінен тағы 100 дана және демеушілік көмекпен 90 дана сатып алу рәсімі жүргізілуде.

Медициналық ұйымдарға  оттегі станциясын және 15 рентген аппаратын орнату үшін жергілікті бюджеттен қосымша 763 млн. теңге бөлінеді. Медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмек пен дезинфекциялық құралдардың қоры жеткілікті.

Өңірдегі инфекциялық және провизорлық стационарларда 215 150 дене қызуын түсіретін, 45 535 вирусқа қарсы препарат, сондай-ақ 255 157 антибиотик бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы