Цифрлық теңгенің қашан қолданысқа енетіні белгілі болды

Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалауға және қадағалауға байланысты пилоттық жобаларды жүзеге асыру жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жиын барысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бүгінгі таңда айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шығарылғанын хабарлады. Платформа қазір тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану кезеңінде, алдағы желтоқсан айында оны толыққанды іске қосу жоспарланып отыр.

Ұлттық банктің цифрлық трансформациялау жетекшісі Бинұр Жаленов айтуынша, цифрлық теңге бүгінде оннан астам бағыт бойынша сыналған. Атап айтқанда, цифрлық ҚҚС салықты қайтару мерзімін 75-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берген. 

Сондай-ақ Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларға бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын бақылау үшін де пайдаланылып жатыр.

Цифрлық теңгені енгізу, сондай-ақ жылжымайтын мүлік пен автокөлікке қатысты мәмілелер жасау, мектептегі тамақтану, қымбат тауарларды сатып алу, агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік несиелеу құралдары сияқты басқа да бағыттарда пысықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы