Цифрлық көшбасшылық: Алматыда CIO Summit 2025 басталды

Алматыда CIO Summit 2025 басталды. Саммит цифрлық трансформация саласындағы негізгі көшбасшылар мен жетекші ІТ-шешім жеткізушілерін біріктіретін маңызды алаң, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Биылғы жиын тақырыбы – Жылдам өзгеріп жатқан технологиялық ландшафт жағдайындағы цифрлық көшбасшылық пен стратегиялық инновациялар.

CIO Summit 2025 – бұл Еуразиялық өңір елдерінің мемлекеттік және жекеменшік секторларындағы ақпараттық технологиялар мен цифрлық трансформация саласындағы көшбасшыларға арналған жыл сайынғы іс-шара. Саммитті кәсіби іс-шараларды ұйымдастыру агенттігі – Apple Events Group ұйымдастырып отыр.

Саммит барысында жаһандық трендтер мен өзекті мәселелер талқыланады, қатысушылар білім және тәжірибе алмасып, өзгермелі бизнес-ландшафтқа бейімделу, жаңа бизнес-модельдерді қалыптастыру және заманауи қарқынды дамып жатқан цифрлық экономика жағдайында орнықты даму жолдарын қарастырады.

Іс-шара бағдарламасына іскерлік күн тәртібі, озық технологиялар көрмесі мен нетворкинг енді. Оны өз саласының кәсіби мамандары, сарапшылары мен аналитиктері барынша пайдалы, өзекті әрі мазмұнды ету үшін дайындады.

Саммитке CIO, CDTO, COO, CEO, CDO, CTO, сондай-ақ ІТ мен цифрландыру саласындағы шешімдер қабылдайтын вице-президенттер, бөлім басшылары және директорлар шақырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы