Цифрлық даму министрлігі Agile трансформациясы бойынша пилоттық жобаны іске қосады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Agile әдістемесін енгізу бойынша пилоттық жобаның басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл қадам мемлекеттік процестерді басқаруды жаңғыртуға және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Жоба озық халықаралық тәжірибелерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын болады.

Agile-трансформацияның басты мақсаты – министрліктің операциялық тиімділігін жақсарту болып табылады. Икемді басқару әдістемесін қолдану жобаларды орындау уақытын қысқартуға, командалардың өнімділігін арттыруға және азаматтар мен бизнеске арналған жаңа сервистерді әзірлеуді жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе тез өзгеретін цифрлық орта жағдайында жаңа сын-қатерлерге жедел бейімделу қажеттігі туындағанда маңызды.

Жоба аясында командалардың жұмысын үйлестіруді жақсартуға және процестердің ашықтығын арттыруға көмектесетін бэклог құру (backlog creation), спринтті жоспарлау (sprint planning), күнделікті кездесулер (daily scrum) сияқты заманауи құралдар қолданылады. Бұл министрлік қызметкерлеріне қойылған мақсаттарға жылдам әрі тиімді қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жобаның артықшылықтары:

  • Икемділік және жеделдік. Agile-трансформация министрлікке өзгерістерге жылдам әрекет етіп, ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
  • Масштабтау мүмкіндігі. Жобаны сәтті жүзеге асыру Agile тәсілін басқа мемлекеттік органдарға таратуға негіз болады, Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесінің жалпы тиімділігін арттыруға әкеледі.

Agile тәсілі тек министрлікке ғана емес, бүкіл елге пайда әкеліп, мемлекеттік басқаруды икемді етеді және азаматтар мен бизнестің қажеттіліктеріне бағытталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ЦДИАӨМ
Өзгелердің жаңалығы