16 Қазан 2026, 09:44 Фото: видеодан скриншот

Цифрлық бақылау: Ақтөбеде электрондық білезік арқылы 30-дан астам құқық бұзушылық анықталды

Ақтөбе полициясы GPS-білезіктерді кеңінен қолдануда

Ақтөбеде  полиция есепте тұрған адамдардың мінез-құлқын бақылауды күшейту мақсатында электрондық бақылау құралдарын белсенді қолдануда. Атап айтқанда, есепте тұрған азаматтарға олардың орналасқан жерін қашықтан бақылауға және белгіленген шектеулердің бұзылуын дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін GPS-білезіктер орнатылып жатыр. 

Заманауи технологияларды қолдану профилактиканың тиімділігін арттырып отыр. Жыл басынан бері электрондық бақылау құралдарының көмегімен өңірде 30-дан астам құқық бұзушылық анықталды. Барлық факті бойынша полиция қызметкерлері тиісті шаралар қабылдады.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бұрын сотталған алты азаматқа қатысты әкімшілік қадағалау мерзімі ұзартылды.

Электрондық бақылау құралдарының тиімділігін көрсететін мысалдардың бірі – шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, құқық бұзушылық жасауға бейім ақтөбелік ер адамға қатысты жағдай. 5 қыркүйекте аталған азаматқа электрондық білезік орнатылды. Ал 24 қыркүйекте жүргізілген мониторинг барысында оның тұрғылықты жерінен шығып, басқа мекенжайға барғаны анықталды. Осылайша, ер адам сот белгілеген шектеулерді бұзған, - дейді Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі. 

Есепте тұрған азаматтың жүрген жерін тексеру барысында учаскелік полиция инспекторы оны ұстады. Құқық бұзушылық фактісі бойынша тиісті акті жасалды. Қазіргі уақытта азаматты бас бостандығынан айыру орындарына қайтару мәселесі шешілуде.

Сонымен қатар, жыл басынан бері өңірде әкімшілік қадағалау тәртібін бұзғаны үшін өңірде есепте тұрған 139 азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 480-бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды.