Цифрландырудың жоқтығы жемқорлықты күшейтеді – Асхат Жұмағали
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали "Antikor Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте айтты.
Жер мәселесіне қатысты өткен жылы біз жер қатынастары басқармасы жетекшілерінің екі орынбасарын ұстадық. Олар жобаларды мақұлдау мен мақсатты тағайындаулар үшін пара алған. Екі айдан кейін олар ұсталды. Аталған саладағы жемқорлықтың өршіуі цифрландырудың жоқтығынан болып отыр деген түйінге келдік. Мәселен, өткен жылы жер қатынастары басқармасы 6 мыңнан астам қызмет көрсеткен. Оның ішінде 11-і ғана онлайн көрсетілді. Шенеунік пен азаматтардың тікелей байланысын көріп отырмыз. Әрине, шенеуніктерде осындай кезде арам ой пайда болуы мүмкін, - деді Жұмағали.
Ол атап өткендей, осы мәселе толығымен зерттелген.
Оны жылдың басында әкімдікке енгіздік. Білім беру мен жер қатынастары саласындағы проблемаларды айттық. Бүгінгі таңда жер қатынастары басқармасы 4 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның 3 мыңнан астамы фронт кеңсе немесе онлайн арқылы жүзеге асырылды. Айтарлықтай, жемқорлық саны да қысқарды. Цифрландыру жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Солтүстік Кореяда ит асырауға тыйым салынды
Келесі жаңалық
Сенат алдағы отырыстың күн тәртібін бекітті
Өзгелердің жаңалығы