Алматыда цифрландыру мәселесі бойынша басқарма құрылады
Алматы, BAQ.KZ. Жаңа басқарманың міндеті — келер жылдың аяғына дейін қажетті мемқызметтерді толық автоматтандыру. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін қала активінің отырысында айтты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Алматы — Қазақстанның цифрлы астанасы. Қазіргі кезде қала цифрлық сауаттылық деңгейі бойынша (82,6%) үздік. ІТ қызметтің үштен бірі оңтүстік астанада орындалады. Астанамен бірге Алматыда мәліметтерді жедел жіберудің жаңа форматы — 5G тестіленуде.
«Менің тапсырмам бойынша әкімдікте цифрландыру мәселесі бойынша жеке басқарма құрылады. Оның міндеті – ақылды қалалардың жаңа жобаларын енгізу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды аяқтау, Алматыда ИТ сектор қарқынын жыл сайын жеделдету үшін жағдайлар жасау», - деді Сағынтаев.
Қазіргі кезде Алматыда қажетті мемқызметтердің 80%-ы автоматтандырылған. Жаңа цифрландыру басқармасының міндеті - 2020 жылдың аяғына дейін қажеттіліктегі мемқызметтерді толық автоматтандыру.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда мектеп оқушыларына Абай дәрісі өткізілуде
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы