6 Сәуір 2024 2024, 23:50 Фото: Ақмола облысы ТЖД

Целиноград ауданындағы су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

Ақмола облысы Целиноград ауданындағы су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы Целиноград ауданындағы су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі кезде Есіл, Нұра өзендерінің жағасын бекемдеу жұмыстары атқарылуда. Қабанбай батыр, Қызылжар, Нұра, Рахымжан Қошқарбаев, Оразақ батыр, Бірлік елді мекендерінде қауіпсіздік жұмыстары жасалуда. Әсіресе, Талапкер елді мекенін су басу қаупінен арылтуға көп күш салынуда. Қазір 50 техника жұмылдырылған.