Целиноград ауданында күн электр стансасы салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылында қуаттылығы 100МВт күн электр стансасын салу жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан мен Ресей арасындағы өңiраралық ынтымақтастықтың XVI форумы аясында ресейлiк әрiптестермен қол жеткiзiлген келiсiмдердi жүзеге асыру мәселесi қарастырылған аппараттық кеңесте Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев мәлiмдедi.
Омбы қаласындағы форумды ұйымдастырудың жоғары деңгейiн атап көрсетiп, өңiр басшысы облыс орталығында осындай iс-шараны өткiзуге жоспарлы дайындық бойынша мақсаттарды белгiледi.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесi форум бiзде Көкшетауда өтетiндiгiн ресми түрде жариялады. Бiздiң негiзгi мiндетiмiз — осы iс-шараны лайықты деңгейде өткiзу, - дедi Ермек Маржықпаев.Кеңесте облыс әкiмi премьер-министр Асқар Маминнiң Целиноград ауданының Родина ауылына және вице-премьер Бердiбек Сапарбаев бастаған үкiметтiк жұмыс тобының Ақмола облысына жұмыс сапарларының нәтижелерi бойынша, сондай-ақ өңiрлiк даму салалары бойынша бiрқатар тапсырма бердi.
Барлық мәселе бақылауға алынуы және пысықталуы қажет. Жалпы облыс, аудандар, департаменттер тиiмдi жұмыс iстеулерi, "халық үнiне құлақ асатын мемлекет" критерилерiне сәйкес келулерi қажет. Бiз жақсы құжаттарға қол қоя аламыз, сәттi келiсiмдерге қуанамыз, ал қарапайым жандар үшiн бұл маңызды емес. Сондықтан, мемлекеттiк органдар үшiн ең бастысы — азаматтардың көңiл-күйiне ден қою, - деп қорытындылады сөзін облыс әкiмi.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балқашта Сәкен Сейфуллиннің мүсіні жаңартылды
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы