Целиноград ауданына су тасқынымен күресу үшін қосымша күштер жіберілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсету үшін аудандарға Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберіледі. Бүгін қызметкерлер Целиноград ауданына аттанды,  деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бүгін құрылған колонналар тікелей Целиноград ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Барлығы күштер мен құралдар тобы 59 адамды, 15 бірлік техниканы, екі бірлік мотопомпаны, 10 бірлік жылжымалы мотопомпаны құрайды, – деп атап өтті ТЖ департаменті бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов.

Ақмола облысының аумағында гидрологиялық бекеттер ауданындағы су объектілерінде тұрақты мұз қабаты сақталады. Облыстың су қоймаларындағы мұздың қалыңдығы: Астана су қоймасы – 82 см, Сілеті су қоймасы – 90 см. Сондай-ақ, су тасқыны жағдайы асқынған жағдайда басқа облыстардан күштер топтары құрылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы