Даланың бұрқыраған наны баураған Фаина әжей

Қазақстанның көпұлтты халқы совет уақытындағы миграция толқынымен қалыптасты. Оның ішінде депортацияланған халықтар да, тың игеруге келген еріктілер де бар. Солардың бірі - 1957 жылы егін орағына Белоруссиядан (Беларусьтің сол кездегі атауы) келген комсомол Фаина Шкурко.

Фаина әжей 1957 жылы комсомол отрядының қатарында Ақмола облысының Шортанды ауданының Жданов колхозына келген. Ол - тың өлкенің мол егін берген алғашқы жылы еді. Кейуананың есінде осы сәттерден - бұрқыраған ақ нанның дәмі есінде қалыпты.

Мұндай Белоруссияда болмап еді. Ол жақта көбіне картоп пен зығыр егетін... Сол кездегі нанның иісі әлі күнге дейін есімде. Тағы бір таң қалдырғаны, бұл жақта нан мен етті күнде жейтін, Белоруссияда ондай болған жоқ... Қазақтың дастарханы да таңсық болды: бізге атауы беймәлім нан, бауырсақ, сосын әрине - ет ("бешбармак")... Осының барлығы жаныма жаққаны сондай, егін орағында жүріп-ақ, қайтып келуді ойлап жүрдім.

...Қайтып келуге оқталуымның тағы бір себебі - осы жерде шоғырланған жастар мен олардың жігері еді. Мен осылардың қатарында болып, компартия орталық комитетінің 1954 жылғы ақпан-наурыздағы пленумында қабылданған тың жерді игеру туралы қаулысын жүзеге асыру ісіне тізе қосқым келді. 
Еңбек жолы

 

Фаина Шкурко 22 жасында Қазақстанға келерде туысқандары қатты қамығыпты. Шешесі: "қайда барады бұл қыз, жөні белгісіз қияндағы бір елге кетіп барады" деп жылапты. Ал әкесі керісінше, "бара берсін, ұнамаса - қайтып келер, кейін бізге кінә артпайтын болады" депті.

Келгенде ешкімді танымаймын, ештеңе білмеймін. Комсомолдың облыстық комитетіне кірдім. Оның екі қабатты үйі Республика көшесінде болатын. Бірінші хатшы Ибрагим Капаров еді. Ол кісі маған облыстағы астықты ірі аудандардың бірі - Есілге баруды ұсынды. Сосын көзімше телефонмен совхоз тресінің директорына хабарласып:

 - Виктор Иванович, мынабір жанкешті белорус комсомол қызды қабылда! Жұмысқа қойып, өз қызыңдай желеп-жебей жүр - деді.

Фаина әжей бұдан кейін облыстық деңгейдегі меңгеруші қызметіне дейінгі барлық баспалдақтан өткен. 

Былтыр Беларусь Республикасының Қазақстандағы Елшілігі Фаина әжейге - Елшілік пен Қазақстандағы беларусь этносының арасындағы байланыстарды нығайтқаны үшін алғыс хат берген. Фаина Шкурко қазір тылдағы еңбек ардагері санатында.
Ақыл-нақыл

 

Жастар білімді. Бірақ ауыр жұмыс істемейді. Қазір қарап отырсам, иә, цифрландыру және сол сияқтылар жақсы нәрселер. Бірақ осының барлығын диванда жатып, қарап отыра берсең - деннің саулығы екіталай. 

Егін алқабындағы жұмыс ауыр, себебі зығыр - күрделі астық. Қазір енді, техника бар, ал бұрын барлығы қолмен істелетін, арамшөптер қолмен сұрыпталатын. Ұжымда біреу жұмысты жапырып жатса, екіншісі гөләйттап жүретін кездер болады. Менің ұйымдастыру қабілетім сол кездерде пайда болды. Мен барлығын бақылап, саралап, өзіме көмекші алып, сосын жұмысты барлығына бөліп бердім. Бұл әділетті болды.

Мен тамаша адамдармен үзеңгілес болдым, және борышын орындап, жаны жай тапқан адаммын. Қазір ғой, жұмыста артық отыруға болмайды дей ме, сондай талаптар бар екен. Артық салмақ болмасын деп, балаларды тым аялайды. Мен мұны түсінбеймін. Біз 4-5 сыныптан бастап колхозда жұмыс істедік.
 Түпнұсқа авторы: Ляйлим АБЕУОВА, assembly.kz

 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы