ҚазАТУ өсімдік майын өңдейтін цехты іске қосты

Астана, BAQ.KZ. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өсімдік майы және жанама өнімдерін өндіретін оқу технологиялық платформа іске қосылды. Бұл туралы универстет ректоры Ақылбек Күрішбаев өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

«Университет қабырғасында бұдан бөлек бірнеше өнім түрлерін өндіретін цехтар бар. Бүгінгі таңда өсімдік майы және басқада жанама өнімдер өндіретін оқу технологиялық платформалар толық қарқында жұмыс істеп тұр. Бұл өз кезегінде білім алушылардың өндірісте қауқарлы болып шығуына зор ықпал етпек",- дейді ректор. 

Оның айтуына қарағанда, былай бұл жерде студенттер тәжірибе жинақтаса, ғалымдар ешқайда бармай-ақ, өздерінің ғылыми әзірлемелерін құратын болады. 

Жаңадан ашылған платформа Калифорниядағы UC Davis университеті ұсынған жобаға сәйкес жасақталып отыр. Ал UC Davis университеті болса, ауыл шаруашылығы саласы бойынша әлемдегі ең үздік білім ордасы екендігін атап өткен жөн. 

"Жаңадан ашылған цех күнбағыс, мақсары, зығыр, рапс, соя сынды өсімдіктердің барлығынан май сығып шығара алады. Күніне 100 литрге жуық май өндіретін шағын цех рафинадталған, демек тазартылған дайын өнім ұсынып отыр. Біз үшін тағы бір маңыздысы, университет қызметкерлері өсімдік майын қымбат емес бағада сатып ала алады. Алдағы уақытта өзімізде халуа шығаратын боламыз", - дейді Ақылбек Күрішбаев.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы