ЦДИАӨМ Бакуде GovTech және IT шешімдерін таныстырды
22-25 қараша Баку қаласында БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) 25 жылдығына арналған Халықаралық көрмесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл СПЕКА мүше елдерінің жетекші сала өкілдерін, зерттеушілері мен инновацияларын бір платформада біріктіретін аймақтағы айтулы оқиға.
Көрменің мақсаты – қатысушы елдердің (Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан) экономикалық әлеуетін көрсету, өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау және мемлекеттер арасындағы аймақтық экономикалық байланыстарды нығайту.
Көрмеде цифрлық шешімдердің шетелге экспортын ұлғайту мақсатында СПЕКА-ға мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында отандық GovTech, IT шешімдері және Industry 4.0 жобалары ұсынылды.
Министрлік Әзірбайжанның келесі мемлекеттік органдарымен бірқатар кездесулер өткізді, атап айтқанда: министрдің орынбасары Самир Валиев төрағалық ететін Энергетика министрлігі, министр Мұстафаев Вугар төрағалық ететін Қорғаныс өнеркәсібі министрлігі және Министрдің орынбасары Фарид Ахмедов төрағалық ететін Цифрлық даму және көлік министрлігі.
Сондай-ақ Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Инновациялар және цифрлық даму агенттігі және Мемлекеттік статистика комитетінің өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Кездесулер нәтижесінде Әзірбайжан тарапы цифрландыру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі.
Анықтамалық ақпарат:
Көрмеге Қазақстаннан келесі компаниялардың 27 жобасы ұсынылды: «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, «Ақылды газ станциясы», «AG TECH» ЖШС, «KAZPROM AVTOMATIKA», «ААРДВАРК» ЖШС, «Awara IT» ЖШС, «ESM SYSTEM» ЖШС, Sergek LTDERK Projects, «Intech-Forecast», «7Generation» ЖШС, «IT space» ЖШС, «Арман инжиниринг» ЖШС, «Байтерек Инжиниринг» ЖШС, «OST Engineering» ЖШС, Еуразиялық ПФ Сарапшылар кеңесі, «Bilimland» ЖШС, «TargetAI Limited», «Daitan» ЖШС, Digital Assets Industry (Қазақстандағы блокчейн және деректер орталығы индустриясы қауымдастығы, ENEGIX, Pool 4 Miners ЖШС, «KazAeroSpace» ЖШС.