Трұмов облыстағы жайлым мәселесіне назар аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірдегі жем-шөп дайындау барысына қатысты пікір білдірді.

«Қыстың қамын жаз ойла»,- деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған. Бұл төрт түлік малдың қамымен көшпелі ғұмыр кешкен аталарымыздың отырықшылыққа көшкен кездегі даналығы, қыс мезгіліне дайындықты жазда жаса, мал азығын дайындап ал деген нақыл сөзі. Осы дайындықтың аздығынан былтыр қыста өңірдегі кейбір шаруаларымыздың біраз қиындыққа тап болғанын білесіздер - деп жазды ол өз парақшасында.

Ол демалыс күндері Қарақия ауданы аумағын аралап, жайылымдық жерлердің жайымен танысқанын айтты.

Ауылшаруашылығы саласының ардагерлері, ауыл ақсақалдары, осы салаға жауапты орынбасарым мен мамандар бар, «Кендірлі-Қаясан» мемлекеттік табиғи қорығы, оңтүстік Үстірт жақты түгел қарап шықтық. Өздеріңіз де байқап жүрсіздер биыл жауан-шашын түсімі аз. Көктем шыққалы өңірге жаңбыр жауған жоқ. Шабындық жерлердің жайы не болып жатыр деген сұрақ – бүгінгі таңдағы басты мәселенің бірі болып отыр. Алда аймақтың тағы біраз жеріне барып, қараймыз. Мамандармен, осы салаға жауапты азаматтармен ақылдаса отыра нақты шаралар қабылдайтын боламыз - деді облыс әкімі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы