Трұмов: Алдағы 5 жылда Маңғыстауда 32 мектеп салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгінгі өңір педагогтарының тамыз конференциясында облыс әкімі айтты, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өткен оқу жылында Маңғыстау облысында 15 мектеп оқушылары үш ауысыммен оқыды. Проблеманы еңсеру үшін жыл аяғына дейін 9 мектеп ашылады. Оның ішінде, Ақтау қаласында 3 мектеп, Мұнайлы ауданында 1 мектеп, Бейнеу ауданы мен Ақтау қаласы аумағындағы 3 мектептің қосымша құрылыстары пайдалануға беріледі. 

Ақтау қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде тағы 3 мектептің құрылысы басталады. Өңірдегі табиғи өсімнің артуына орай алдағы жылдары жаңа мектеп санын көбейту көзделіп отыр. 

Білім, құрылыс, экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары мен қала, аудан әкімдіктері алдағы жылдарға жоспарланған 32 мектеп құрылысын салу мен өз мерзімінде және сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет, - деді облыс әкімі С.Трұмов. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы