Алматыда әйел адамды троллейбус қағып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда троллейбус әйел адамды қағып кетті. Оқиғадан зардап шеккен азамат түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға Мұратбаев пен Гоголь көшелерінің қиылысында болған. Қоғамдық көлік қаққан әйел қалалық орталық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Оған "ашық ми жарақаты" диагнозы қойылған.
Әйел адамның миы ашық жарақат алған. Орта дәрежеде миы шайқалған. Мидың оң жақ самай және шүйде бөлігінің қатты қабығы астына қан құйылған. Пневмоцефалия. Шүйде тұста сүйегі жарықшақтана сынған. Бастық жұмсақ тіні жараланған. Кеуденің оң жақ тұсы соққы алған, - делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Төтенше жағдай: Қарағандыда сауда үйлері уақытша жабық
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы