Триатлоннан Қазақстан командасы Азия чемпионатына дайындалуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Триатлоннан Қазақстан командасы Қырғызстанның Шолпан-ата аймағында жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметінен.
Команда құрамында Дарын Қонысбаев, Арина Шульгина және Александр Автушко бар.
Спортшылар 24-25 сәуір күндері Жапонияның Хацукаичи қаласында өтетін Азия біріншілігіне дайындалады. Оқу-жаттығу жиыны наурыздың соңына дейін жалғасады. Алғашқы аптада жергілікті климатқа бой үйрететін спортшылар қалған үш жетіде қызу жаттығу өткізбек.
Айта кетейік, триатлоннан биылғы маусым 10 сәуір күні Шымкентте өтетін Қазақстан біріншілігінде ашылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте жыл басынан бері 29 өрт жағдайы тіркелген
Өзгелердің жаңалығы