Триатлоннан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өткізілмейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Триатлоннан Павлодарда өтуі тиіс Қазақстан біріншілігі кейінге қалды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Ел чемпионатының өткізілмеуіне басты себеп – Павлодар облысындағы карантиндік шектеулердің күшейтілуі. Шектеулерге байланысты аймақта спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. 

Осылайша, 2021 жылғы жарыс кестесіне бірқатар өзгерістер енді. 24 шілдеде Павлодарда өтеді деп жоспарланған ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігі ұйымдастырылмайды. 

Сондай-ақ 7 тамыздағы жастар ойыны Қарағанды облысындағы Сарань қаласына ауыстырылды. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы