Кеше 2026, 22:49 Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Триатлоннан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті

Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар.

Қазақстан құрамасы Қытайдың Сюйчжоу қаласында өтіп жатқан триатлоннан Азия чемпионатында үшінші жүлдесін жеңіп алды.

U17 жас санатындағы аралас командалар арасындағы эстафетада қазақстандық спортшылар күміс медаль иеленді. Ел намысын Гор Депершмидт, Альхам Мұрат, Калерия Шнейдер және Алуа Нұрмұхамет қорғады.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Рамазан Айнегов (U17) пен Ясмина Бузуртанова (U15) Азия чемпионатының жеңімпазы атанып, ел қоржынына екі алтын медаль салған болатын.