Трендте Тазабек. "Бүкіл сыртқы күштің арманы полицей мен әйелдерді «площадта» кездестіру"
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Асыл арна» телеарнасының директоры, бұрынғы айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің көшеге шығып жүрген әйелдерге қатысты айтқан пікірі әлеуметтік желіде тарап кетті.
Ол соңғы кездері жер-жерде әр түрлі кездесу өткізіп жүр. Әлеуметтік желіде тараған видеода оның құқық қорғау органдарымен кездесуінен үзінді көрсетілген.
«Бүкіл сыртқы күштердің арманы – айбын мен тәртіптің символы болған полицей мен әйелдерді «плошадта» кездестіру. Армандары сол. Мына жерде үсті-басын тұмашалап алған полицей бір ақсақалды көтеріп әкетіп бара жатады. Сосын «Ойбай, мына полицей оңбаған, шеше сыйламаған, қария сыйламаған» дегенді айтатындар шығады. Бұл арандату. Оған ешқашан ермеңіздер. Қазақтың қариясы мен анасы егер баласы жанашыр болса, алаңға шықпайды. Қазақстанда ешкім аштан өлмейді. "Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды". «Площадқа» келді ме, 50% адамды “жертва" қылып шығарып отыр. Ал сіз «приказбен» келдіңіз бе, мемлекет үшін өз міндетіңізді атқарыңыз», - дейді Мұхамеджан Тазабек өз тренингінде.
Бірақ видео қай жерде түсірілгені белгісіз.