Тректегі велоспорттан Азия чемпионаты: Артем Захаров күміс жүлдегер атанды

Кеше Малайзияның Нилай қаласында тректегі велоспорттан Азия чемпионатының соңғы күні өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Захаров омниумнан өткен бәсекеде үздіктер қатарынан көрінді.

Жарыс қорытындысы бойынша ол 122 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді.

Бірінші орынды 139 ұпай алған Жапония спортшысы Эйя Хашимoто еншілесе, үшінші сатыда Оңтүстік Корея өкілі Пак Сан-Хун (119 ұпай).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы