Тректегі велоспорттан Азия біріншілігінде тағы екі жүлде қоржынға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан тректегі велоспорттан Азия біріншілігінде қазақстандық жасөспірімдер екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жекелей із кесу жарысында Дмитрий Носков күміс жүлдегер атанды. Ол Оңтүстік Корея спортшысын ғана алға жіберген. Үздік үштікті қытайлық спортшы тұйықтап тұр.
Әйелдер арасындағы із кесу додасында Кристина Титовская күміске қол жеткізді. Алтын және қола медальді тиісінше Оңтүстік Корея мен Қытай спортшылары иеленген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы