Ауыр жүк таситын транзиттік көлік құралдарына Астанаға кіруге тыйым салынды. Олар айналма жолмен жүруі тиіс.
Құжатпен Астана қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігінің жүру схемасы мен тәртібі айқындалып отыр. Қаулы "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 8-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленгені айтылды.
Ауыр жүк таситын транзиттік көлік құралдарының жүруі "Астана қаласының айналма жолы" автомобиль жолы арқылы жүзеге асырылады. Ауыр жүк таситын транзиттік көлік құралдарына "Астана қаласының айналма жолы" автомобиль жолының ішінде орналасқан аумағына кіруіне тыйым салынады. ҚР заңнамасында қала шегінде жеңіл автомобильдердің қозғалысына шектеулер белгіленбеген, – делінген құжатта.