Транзит тоқтаған жоқ. 4 айда 130 млн тонна жүк тасымалданды – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 4 айда 130 млн тонна жүк тасымалданғанын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халық алдында берген есебінде айтты. 


2019 жылдың қорытындысы бойынша 407 млн тонна жүк тасымалданды. Транзиттік тасымалдан түсетін кіріс 16 пайызды құрап,  277 млрд теңгеге жетті. Биылғы 4 айда 130 млн тонна жүк тасымалданды. Транзит тоқтаған жоқ, жұмысын жалғастырды, - деді министр. 
Сондай-ақ, министр темір жол саласы тасымалдаудың оң көлемін көрсетіп отырғанын жеткізді.
 Өткен жылы "Темір жол көлігі туралы" заңға маңызды өзгертулер енгізілді. Біздің басты мақсатымыз – жолаушылар тасымалын субсидиялауды жеңілдету. Сондай-ақ, жасырын жүк транзитін алдын алу, жолаушылар құқығын қорғау мен жол билеттерін заңсыз қайта сатуға жауапкершілікті арттыру. Биыл министрлік заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Оған темір жолдағы жеке жүк пен жолаушыларға қатысты нормаларды енгізу қарастырылған, - деді Б.Атамқұлов. 
Министрлік транзиттік әлеуетті арттыру бойынша көліктік дәліздерді жаңғырту бастамалары жүзеге асырылатынын айтты. 

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 2021 жылдан бастап стратегиялық жобаны жүзеге асыруды бастаймыз. Оның аясында ұзындығы  840 шақырымды құрайтын "Достық-Ақтоғай-Мойынты" жобасын іске асыруға кірісеміз. Бұл өткізу көлемін  2 есеге арттырып, жеткізу уақытын 2 есеге қысқартуға мүмкіндік береді. Учаскені жаңғырту аясында қосымша  2 мың жұмыс орны  құрылады. Бұл шаралар Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарын қамтиды, - деді Бейбіт Атамқұлов.
Министр вагондардың тозығы жеткен вагондар  43 %-ды құрайтынын айтты. 
Бүгінде темір жол ұзындығы  16 мың шақырымды құрап отыр. Темір жол паркінде  130 мың жүк вагоны бар. Тозу көрсеткіші 43 пайызды құрайды. Салада  135 мың адам жұмыс істейді. Оның ішінде  125 мыңы "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның қызметкерлері. 47 мың вагон ұлттық операторға тиесілі болса,  50 мыңнан астамы жеке меншік иелігінде, - деді министр. 

Бейбіт Атамқұлов жолаушылар вагонын жаңарту бойынша мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылғанын да айтып өтті. 

Өткен жылы 109  жолаушылар вагоны сатып алынды. Биыл тағы  100 жаңа вагон сатып алу жоспарланып отыр. Министрлік темір жол тасымалдауларын қажеттілігі жоғары жандарға  қолжетімді ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. 44 бағыт бойынша 98 арнайы мамандандырылған купе вагондар бар. Әлеуметтік бағыт бойынша 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы