Трансформаторлық станциядағы өрт: Алматының бір бөлігі бағдаршамсыз қалды

Әуезов ауданында трансформаторлық қосалқы станцияда өрт шығып, соның салдарынан бірқатар үйлер мен бағдаршамдар электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, таңғы шамамен 9-дарда Сайран көлі маңында тарсыл дыбысы естілген. Дәл сол уақытта Әуезов және Бостандық аудандарының бірнеше үйінде электр өшіп, бағдаршамдар уақытша істен шыққан.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін 08:53-те Өтеген батыр көшесі, 76 мекенжайындағы трансформаторлық қосалқы стансада өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру бөлімдері жіберілген.

Оқиға орнына келген кезде 0,2 шаршы метр аумақта трансформаторлық қосалқы стансаның ашық жануы анықталды. Электр желісі компаниясының қызметкерлері нысанды электр қуатынан ажырату шараларын қабылдап жатыр, — деп хабарлады қалалық ТЖД.

Департамент өкілдері қазіргі уақытта ашық жалын жоқ екенін атап өтті. Өрт сөндірушілер объектінің ерекшелігін ескере отырып, барлық қауіпсіздік шараларын сақтап жұмыс жүргізуде. Өртті сөндіруге 2 техника және 9 қызметкер тартылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы