20 Қазан 2026, 16:44 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Трамптың сайлау алдындағы есебі: АҚШ Орталық Азиядан не іздейді? 

АҚШ-тағы сайлау Дональд Трамптың сыртқы саяси шешімдеріне қалай әсер етуі мүмкін? Вашингтонның Орталық Азиядағы мүддесі қандай? Бұл мәселелерді SarapSoz сұхбатында халықаралық қатынастар маманы Жансая Нұралымен талқыладық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сұхбат барысында АҚШ-тың Украинаға қолдауы, Ресейге қатысты саясаты және Еуропаның рөлі сөз болды. Вашингтон көмегін қысқартқан жағдайда Украинаның қандай мүмкіндіктері бар? Еуропа АҚШ-тың орнын басуға дайын ба? Трамптың шешімдеріне Конгреске өтетін аралық сайлау қаншалықты ықпал етуі мүмкін?

Әңгімеде АҚШ-тың Орталық Азияға қызығушылығына да назар аударылды. Вашингтон үшін өңірдің табиғи ресурстары мен нарығы қаншалықты маңызды? Оның саясатына Ресей мен Қытайдың ықпалы қалай әсер етеді?

Сондай-ақ Қазақстанның АҚШ-пен әріптестіктен қандай пайда көре алатыны талқыланды. Америкалық инвестициялар жаңа өндіріс пен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бере ме? Еліміз тек шикізат жеткізуші болып қалмау үшін не істеуі керек?

Осы және өзге де сұрақтарға жауапты сұхбаттың толық нұсқасынан көріңіз.