Трамптың рейтингі құлдырады: америкалықтар қымбатшылыққа наразы

АҚШ президенті Дональд Трамптың қызметіне қанағаттанған азаматтардың үлесі рекордтық деңгейде төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

Reuters және Ipsos зерттеу компанияларының соңғы сауалнамасына сәйкес, америкалықтардың тек 40%-ы оның қызметін қолдайды бұл өткен аптамен салыстырғанда 2 пайызға аз. Ал қызметін қолдамайтындар 57%-ға жеткен.

Зерттеу нәтижелері Трамптың экономикалық саясатқа, әсіресе елдегі өмір сүру құнының артуына әсер ететін шешімдеріне наразылықтың артқанын көрсетеді. Респонденттердің 63%-ы президенттің инфляциямен күрес шараларына көңілі толмайтынын білдірген.

Сарапшылардың айтуынша, Трамп әкімшілігі кезеңінде инфляция қарқынының өсуі мен еңбек нарығының баяулауы Федералдық резерв жүйесін пайыздық мөлшерлемені төмендетуге мәжбүрлеген.

Салыстыру үшін, Трамптың алдындағы президент Джо Байденнің ең төменгі рейтингтік көрсеткіші 36% болған. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың мамырында тіркелген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Kevin Lamarque / Reuters
Өзгелердің жаңалығы