Трамптың Қытайға қарсы саясаты елімізге әсер ете ме?
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды тілшісі.
Үкіметтегі брифингте журналист “Трамп Қытайға баж салығын көтерді. Бұл Қазақстанға әсер етуі мүмкін бе?” деп сұрақ қойды.
Менің ойымша, бұл жерде тікелей тәуелділік жоқ. Сіз Қытай тауарларына енгізілген баж салығы Қазақстанның импортына қалай әсер ететінін сұрадыңыз. Бірақ Қытай үшін АҚШ – үлкен нарық. Дегенмен біз Қытай экспорты бұған дейін де қандай да бір шектеулерге ұшырады деп ойламаймыз. Яғни, Қытайдан бізге жеткізетін экспорт көлемі бұрынғыдай сақталады. Сондықтан бұл жерде тікелей байланысты көріп тұрған жоқпыз, – деп түсіндірді вице-министр Арман Қасенов.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өз көмекшілеріне Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдетуге тапсырма бергенін жазған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекеттік гранттар мақсатсыз жұмсалған
Келесі жаңалық
Мектеп директоры 176 мың теңгенің сыйлығын менсінбеді
Өзгелердің жаңалығы