Трамптың орнын басуы мүмкін жаңа кандидат аталды
АҚШ президенті Дональд Трамп қызметінен кеткеннен кейін оның үлкен ұлы Дональд Трамп-кіші 2028 жылғы президенттік сайлауға қатысуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі The Hill газетіне сілтеме жасап.
АҚШ-та 2028 жылы өтетін президент сайлауына Республикалық партия атынан қатысуы мүмкін үміткерлердің бірі ретінде қазіргі мемлекет басшысы Дональд Трамптың үлкен ұлы – Дональд Трамп-кіші аталды. Бұл туралы The Hill басылымы жазды.
Ақ үй басшысының тұңғыш ұлы Дональд Трамп-кіші өткен аптада болашақта сайлауға қатысу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын меңзеді, – деп жазады басылым.
Сонымен қатар, The Hill келесі ықтимал кандидаттарды да атап өтті: АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс, мемлекеттік хатшы Марко Рубио, ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм, Флорида губернаторы Рон ДеСантис, Вирджиния губернаторы Гленн Янгкин және Джорджия штатының губернаторы Брайан Кемп.
2028 жылы Республикалық партия ішінде күрес қыза түсуі мүмкін. Ал Дональд Трамп-кіші – саяси аренада беделі артып келе жатқан тұлғалардың бірі.