Бүгін Трамптың импичменті бойынша соңғы дауыс беру кезеңі өткізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін АҚШ Сенаты ел президенті Дональд Трамптың импичментіндегі баптарға қатысты дауыс берудің соңғы кезеңі өткізіледі.
Бұл туралы Интерфакс-Украина хабарлады.
Осылайша, бүгін сенаторлар импичмент ісіне нүкте қояды.
Президентті қызметінен босату үшін сенаторлардың үштен екісінің дауыстары қажет.
Америкалық БАҚ-тың мәліметтеріне сәйкес дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-ге белгіленген.
Айта кетейік, АҚШ Конгресінің Жоғарғы палатасында Трамп импичменті процедурасы аясындағы сот ісінің қаралуы 21 қаңтарда басталған болатын.
Онда бұрын өкілдер палатасындағы дауыс беру кезінде бекітілген екі пункт бойынша айыптаулар енгізілген: билікті асыра пайдалану және Конгрес жүргізген тергеуге кедергі келтіру.
Трамптың командасы мен оларға қарсы тұрған демократиялық "импичмент бойынша менеджерлердің" сот процесі шеңберінде айғақтары мен дәлелдерін келтіру үшін 3 күн уақыт берілді.
Содан кейін 16 сағат ішінде сенаторларға сөз беріліп, олар іске қатысты сұрақтарын қойды.