Бүгiн 2026, 17:13 Фото: freepik.com

Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті сот алдында жауап береді

Коул Алленге екі ауыр айып тағылып, іс федералдық сотта қаралады.

АҚШ президенті Дональд Трамп-қа қастандық жасауға әрекеттенді деп күдікке ілінген Коул Аллен дүйсенбі күні сотқа жеткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Fox News-ке сілтеме жасап.

31 жастағы Коул Аллен 2026 жылғы 27 сәуірде федералдық сот алдында жауап береді.

Оған алдын ала екі айып тағылған:

зорлық-зомбылық қылмысын жасау кезінде атыс қаруын қолдану;

қауіпті қару пайдаланып, федералдық қызметкерге шабуыл жасау.

Еске салайық, бұған дейін ол Ақ үй әкімшілігі өкілдеріне шабуыл жасауды жоспарлағанын мойындаған еді.