Трамп 800 мың қызметкердің жалақысын төлеу үшін АҚШ делегациясын Давосқа жібермеді

Астана, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп бюджеттік дағдарысқа байланысты Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумға (ДЭФ) америкалық делегацияның жібермеді. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сондерс таратқан хабарламада айтылған.

«800 мың америкалық жақсы қызметкердің жалақасын ала алмай отырғанына байланысты, сондай-ақ өз командасының жұмысын тиісті дәрежеде қамтамасыз ету мақсатында Трамп өз делегациясын Швейцарияның Давос қаласында өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумға (ДЭФ) жібермейді», - деді ол.

Басында ДЭФ-қа баратын АҚШ делегациясын Трамп өзі бастап баратындай болған. Бірақ 10 қаңтарда ол Twitter-де бұл сапарды Ақ үй мен АҚШ Конгресінің америка-мексикалық шекарадағы бақылауды күшейту туралы таласынан кейін болдырмайтынын жазған.

Кейін америкалық әкімшіліктің екі өкілі делегацияны қаржы министрі Стивен Мнучин және АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео бастап баратыны туралы жариялады.

Өткен жылдың 22 желтоқсанынан бері АҚШ-та бюджетте қаражаттың болмауына байланысты федералды үкіметтің жұмысы ішінара тоқтатылған. Бұл республикалықтар мен демократтардың Конгресте бюджет параметрлерін келісе алмауынан бастау алды. Трамп пен оның партиялас жақтастары Мексика мен шекарада қамал тұрғызуға ақша бөлуді бюджеттің шығындарына қосқысы келеді.

Демократтар федералды қазынадан бұл мақсатқа ақша бөлуді ешқашан қолдамайтынын хабарлап отыр. Трамптың әкімшілігі бұл мақсатқа бюджеттен 5,7 млдр долларды талап етті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы