Трамп журналистерді Путинмен кездесуге кедергі келтіріп жатыр деп айыптады
АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік көшбасшы Владимир Путинмен өтетін алдағы кездесуді беделсіз етуге әрекет жасағаны үшін америкалық бұқаралық ақпарат құралдарын сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол оларды "әділетсіз" және "ауру адамдар" деп атады.
Әділетсіз БАҚ Путинмен кездесуімді жариялауға кірісті. Олар үнемі қызметінен босатылған сәтсіздер мен ашық түрде ақымақ адамдарды, мысалы, бұрынғы ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшім Джон Болтонды мысалға келтіреді. Ол кездесудің АҚШ аумағында өтетініне қарамастан, “Путин қазірдің өзінде жеңіп қойды” деді. Бұл не деген сөз? Біз бәрінде жеңіп жатырмыз! – деп жазды Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында.
Трамптың айтуынша, мұндай ақпараттық шабуылдар екі ел арасындағы келіссөздерге кедергі келтіруі мүмкін.
Айта кетейік, 15 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин Аляскада кездесіп, Украинадағы қақтығыс пен ықтимал бітім шарттарын талқыламақ. Саясаттанушы Жанат Момынқұлов Аляска саммитінде Трамп пен Путиннің қандай келісімге келуі мүмкін екенін болжады.