28 Қазан 2026, 06:44 Фото: Report.az

Трамп «жасанды интеллект» терминін қолдануға ресми түрде тыйым салмақ

Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында The Wall Street Journal басылымына қатысты пікір білдіріп, «жасанды интеллект» атауын сәтсіз әрі дәл емес термин деп атаған.

АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада «жасанды интеллект» терминін ресми құжаттарда қолдануға тыйым салып, оның орнына «суперинтеллект» сөзін енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында The Wall Street Journal басылымына қатысты пікір білдіріп, «жасанды интеллект» атауын сәтсіз әрі дәл емес термин деп атаған.

The Wall Street Journal жасанды интеллект деп аталатын, өте сәтсіз әрі дәл емес терминді суперинтеллект деп қашан атай бастайды? Мұны қазірдің өзінде барлығы дерлік қолданып жүр немесе жақын арада қолдана бастайды. Терминнің дәл еместігіне байланысты біз жақын арада «ЖИ» және «жасанды интеллект» терминдерін барлық тиісті құжаттарда және басқа да жағдайларда қолдануға ресми түрде тыйым саламыз, – деп жазды АҚШ президенті.

Бұған дейін Трамп Ақ үй өзі ұсынған «суперинтеллект» атауының орнына «жасанды интеллект» терминін қолданатындарды қарсы тарап ретінде қабылдайтынын мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар қыркүйек айының соңында АҚШ президенті федералдық ведомстволарға ресми хат алмасуда, жария мәлімдемелерде және құжаттарда жаңа терминді қолдануды көздейтін жарлыққа қол қойған.