Трамп Зеленскиймен жеке кездесу өткізеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаның басшысы Владимир Зеленскиймен жеке кездесу өткізгеннен кейін ғана Еуропалық Одақ елдерінің жетекшілерімен келіссөз жүргізеді. Бұл туралы Bild газеті үкіметтік дереккөздерге сілтеме жасап жариялады, деп хабалайды BAQ.KZ.
Басылымның мәліметінше, кездесу бағдарламасында жұмыс кешкі асы және кеңейтілген құрамда көп сағаттық пікірталас бар. Трамптың Германия канцлері Фридрих Мерцпен, Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейенмен, Франция президенті Эммануэль Макронмен, Финляндия көшбасшысы Александр Стуббпен, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен, Италия премьер-министрі Джордж Мелонимен және НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен жүздесетіні нақтыланды.
Bild атап өткендей, бұл кездесулердің басты тақырыбы Ресей президенті Владимир Путинмен бейбіт келісім жөніндегі ықтимал келіссөздер болуы мүмкін.
15 тамызда Алясканың Анкоридж қаласында Трамп пен Путиннің саммиті өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша Ресей көшбасшысы АҚШ президентінің Украинадағы қақтығысты реттеуге деген ұмтылысын жоғары бағалады.
Саммиттен кейін Трамп Зеленский мен ЕО басшыларына қоңырау шалып, ал Украина президенті жақын уақытта америкалық көшбасшымен кездесетінін растады.