Трамп Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті
АҚШ Президенті Дональд Трамп Владимир Зеленский Путин сияқты бейбітшілікті қалайтынын айтты. Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мен Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлестім. Әңгіме өте жақсы өтті. Ол президент Путин сияқты бейбітшілікті қалайды.
Біз соғысқа қатысты көптеген тақырыптарды талқыладық, бірақ негізінен жұма күні Мюнхенде өтетін кездесу туралы айттық. Делегацияны вице-президент Дж.Д.Вэнс пен Мемлекеттік хатшы Марко Рубио басқарады.
Бұл кездесудің нәтижесі оң болады деп сенемін. Құдай Ресей мен Украина халықтарын жарылқасын! – деп жазды Дональд Трамп.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Таразда пробациялық бақылаудан жалтарған азамат ұсталды
Өзгелердің жаңалығы