Трамп Зеленскиймен кездесу алдында Путинмен телефон арқылы сөйлесті

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін мәлім етті. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мен Украина президенті Владимир Зеленскиймен сағат 13:00-де өтетін кездесу қарсаңында Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы тілдестім. Әңгіме жақсы әрі өте нәтижелі болды. Кездесу Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясының басты асханасында өтеді, оған баспасөз өкілдері қатыса алады, - деп жазды Трамп.

Еске сала кетейік, Палм-Бич қаласындағы Мар-а-Лаго резиденциясында Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі өтіп жатыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сергей Бобылев / РИА Новости
Өзгелердің жаңалығы