Трамп: Венесуэлаға қарсы әскери әрекеттер туралы шешім қабылданбады

АҚШ президенті Дональд Трамп бұқаралық ақпарат құралдарының Венесуэла аумағындағы әскери нысандарға шабуыл жасауға рұқсат бергені туралы хабарламаларын жоққа шығарды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Журналистер президенттен осы мәселе бойынша шешім қабылданды ма деп сұрағанда, Трамп «Жоқ» деп қысқа жауап берді.

Жұма күні кейбір БАҚ АҚШ әкімшілігінің Венесуэладағы әскери нысандарға соққы жасау жоспары барын хабарлаған. Потенциалды әуе операциясы «есірткі картельдерінің әсер ету аймағында» және Венесуэла президенті Николас Мадуро орналасқан нысандарға бағытталуы мүмкін деп көрсетілген.

Венесуэла президенті Николас Мадуро 24 қазанда Трампқа Каракасқа қарсы әскери қимылдардан бас тартуға шақырған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Kevin Lamarque/Reuters
Өзгелердің жаңалығы