Трамп Венесуэладан азаматтарын қайтаруды талап етті
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла үкіметіне қатаң үндеу жасап, «АҚШ-қа күштеп әкелінген сотталғандар мен психиатриялық науқастарды» дереу елге қайтаруды талап етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оларды біздің елден дереу алып кетіңдер, әйтпесе шексіз қымбат баға төлейсіздер!, – деді ол 20 қыркүйекте.
Джо Байденнің тұсында бірқатар венесуэльдіктер депортациядан уақытша қорғаныс мәртебесін алған болатын. Алайда жаңа әкімшілік бұл шешімді жойды. Жоғарғы сот оны уақытша тоқтатқанымен, алғашқы венесуэльдіктердің Сальвадорға жер аударылғаны айтылды.
Сонымен қатар 19 қыркүйекте Венесуэла президенті Николас Мадуроның шамамен 200 мың жазылушысы бар YouTube-арнасы бұғатталды. Платформа мұндай шара жүйелі түрде ережелерді бұзған аккаунттарға қатысты қолданылатынын, оның ішінде жалған ақпарат пен демократиялық процестерге кедергі келтіретін контентке байланысты екенін түсіндірді.
16 қыркүйекте Трамп тағы бір мәлімдеме жасап, АҚШ әскері Кариб теңізінде есірткі тасымалдауға күдікті Венесуэланың екінші кемесін суға батырғанын айтты.