Бүгiн 2026, 07:05 Фото: Reuters

Трамп Венесуэла президенттігіне кандидат болуға ниетті екенін мәлімдеді

АҚШ президенті испан тілін тез меңгеретінін айтып, оның "тілге қабілеті жақсы" екенін жеткізді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы жағдайға арналған баспасөз конференциясы барысында Таяу Шығыстағы қақтығыстан кейін испан тілін үйреніп, Венесуэла президенті қызметіне таласып көруі мүмкін екенін әзілдеп айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Осы істі аяқтағаннан кейін мен Венесуэлаға баруым мүмкін... Мен президенттікке кандидат боламын, – деді ол.

Америкалық көшбасшы жиналғандарға испан тілін тез үйренетінін, өйткені оның "тілге қабілеті жақсы" екенін жеткізді.

Еске салайық, 3 қаңтарда АҚШ Венесуэлаға бірнеше соққы жасап, ел президенті Николас Мадуроны және оның жұбайын қолға түсірген. Қамауға алынған саясаткер Нью-Йоркке жеткізіліп, оған есірткі терроризмі және басқа да қылмыстар бойынша айып тағылған.

Осыдан кейін Венесуэланың Жоғарғы соты елдің вице-президенті Делси Родригесті мемлекет басшысының міндетін уақытша атқарушы етіп тағайындады.