Трамп үйсіздер мен қылмыскерлерге қатысты жаңа Жарлыққа қол қоймақ

АҚШ президенті Дональд Трамп қаңғыбастар мен көшедегі қылмысқа қарсы бағытталған жаңа Жарлыққа қол қоюға ниетті. Бұл туралы Bloomberg агенттігі Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитке сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақпаратқа сәйкес, Жарлық үйсіздерді емдеу орталықтарына көшіру арқылы көшелерді қауіпсіз етуге бағытталған. Билік бұл қадам қаңғыбастардың өздеріне де, жалпы қоғам үшін де пайдалы болады деп санайды.

Біздің көшелерімізден қаңғыбас қылмыскерлерді алып тастау және ресурстарды нашақорлықпен күрес бағдарламаларына бағыттау – Трамп әкімшілігінің негізгі мақсаты, – делінген ресми түсініктемеде.

Сондай-ақ, Ақ үй жыныстық зорлық, есірткіні заңсыз пайдалану және қалалық ортадағы заң бұзушылықтармен күрес жүргізетін штаттарға арнайы гранттар бөлінетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, биылғы наурыз айында Трамп үйсіздерді әлеуметтік баспанамен қамтудан гөрі психикалық ауытқуы бар және нашақорлықпен күресіп жүрген азаматтарды арнайы орталықтарға мәжбүрлі емдеуге жіберуді ұсынған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Keystone Press Agency/Global Look Press
Өзгелердің жаңалығы