Трамп ұсынған құжат: Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Санаулы сәттерден кейін мұнда АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімі өтеді, - делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін белгілі болғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 22 қаңтарда Дональд Трамптың арнайы шақыртуымен Швейцарияға жұмыс сапарымен барды. Давос алаңындағы бұл кездесу әлемдік лидерлердің бейбітшілікті сақтау жолындағы күш-жігерін біріктіруді көздейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы