Трамп Үндістанмен Венесуэла мұнайын сатып алу жөнінде келісім жасасты

АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан Иран мұнайының орнына Венесуэла мұнайын сатып алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.

Былтыр Трамп Делиден Ресей мұнайынан бас тартуды талап еткен болатын.

Біз бұл келісімді, келісімнің тұжырымдамасын жасап қойдық, - деді Трамп Вашингтоннан Флоридаға бет алған президенттік ұшақта журналистерге берген сұхбатында.

Трамптың бұл мәлімдемесі АҚШ Үндістанға жақын уақытта Венесуэла мұнайын қайта сатып алуды қайта бастауына мүмкіндік болуы мүмкін екенін жеткізгеннен бір күн өткен соң айтылды. Бұл туралы Reuters дереккөздері хабарлаған. Агенттік мәліметінше, мұндай қадам Үндістанның Ресей мұнайын импорттау көлемін азайтуына көмектесу үшін ұсынылып отыр.

АҚШ-тың Венесуэла мұнайын Үндістанға жеткізуге қатысты әрекеттері Вашингтонның Ресей бюджетіне түсетін мұнай кірістерін қысқартуға ұмтылуымен байланысты.

Өткен жылдың наурызында Трамп Венесуэла мұнайын сатып алатын елдерге, оның ішінде Үндістанға 25 пайыздық баж салығын енгізген еді. Енді АҚШ президенті Қытай да Венесуэла мұнайын сатып алу бойынша АҚШ-пен келісім жасасуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы