Трамп ультиматум қойды: Украина бір апта ішінде шешім қабылдауы тиіс

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ вице-президенті Дж. Д. Вэнспен және АҚШ Құрлық әскерлері министрі Дэниел Дрисколлмен Америка әзірлеген бейбітшілік жоспарын шамамен бір сағат бойы талқылағанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Зеленскийдің айтуынша, тараптар соғысты аяқтауға қатысты АҚШ ұсынып отырған құжаттың негізгі тармақтарын қарастырып, кеңесшілер деңгейінде әрі қарай АҚШ және Еуропамен бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

20 қарашада Дрисколл бастаған делегация Киевте Дональд Трамп мақұлдаған 28 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарын Зеленскийге табыстаған болатын. Financial Times дерегіне сәйкес, құжат Украинадан елеулі саяси және аумақтық жеңілдіктерді талап етеді.

Reuters 21 қарашада АҚШ әкімшілігі Киевке 27 қарашаға дейін құжатқа қол қою туралы ультиматум қойғанын, әйтпесе қару-жарақ жеткізу мен барлау ақпаратымен бөлісуді тоқтатуы мүмкін екенін хабарлады. Fox News радиосына берген сұхбатында Трамп бұл талапты растады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы